USD
USD
USD

Айналымы 7,5 млрд теңге болған қазақстандық онлайн-казино Грузиядан басқарылған

Қаржы мониторингі агенттігі Қазақстан аумағында жұмыс істеген ірі «Nomad Poker» атты онлайн-казиноның заңсыз қызметі тоқтатылғанын хабарлады.

онлайн-казино
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Ведомствоның ақпаратынша, «Club GG Poker» мобильді платформасы негізінде құрылған онлайн-казиноның жұмысын Қазақстан азаматтары Грузия аумағынан жүргізіп отырған.

«Мұндай схема ұйымдастырушылардың жеке басын жасыруға, ақша ағындарын бақылауды қиындатуға және заңсыз қызметті жүзеге асыру үшін шетел азаматтарының атына рәсімделген банк шоттары мен байланыс құралдарын пайдалануға мүмкіндік берген», – делінген ресми ақпаратта.

Тәулік бойы жұмыс істеп тұрған заңсыз ойын платформасы қатысушыларға онлайн-покер форматында ақша тігіп, ұтысты қолма-қол ақшаға айналдыру мүмкіндігін ұсынған. Ойыншыларды тарту үшін ұйымдастырушылар әлеуметтік желілерді, мессенджерлерді және жарнама құралдарын пайдаланған. Нәтижесінде онлайн-казино қызметіне 20 мыңнан астам пайдаланушы тартылған.

Бұған қоса ұйымдастырушылар «дропперлік» шоттарды пайдаланған. Тергеу барысында онлайн-казино қызметін қамтамасыз ету үшін 60-тан астам дроп-шот пайдаланылғаны анықталған. Ойыншылардан түскен қаражат көлемі 7,5 млрд теңгеден асты.

«Күдіктілер Қазақстанға шетел азаматтарының ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз етіп, олардың атына 400 АҚШ долларына дейінгі сыйақы үшін банк карталары мен мобильді банкингті рәсімдеген», – делінген ҚМА хабарламасында.

Сот санкциясымен Алматы қаласындағы пәтерге, үш автокөлікке, сондай-ақ дропперлердің банк шоттарындағы 158 млн теңге көлеміндегі қаражатқа тыйым салынды.

Қазір оқып жатыр

TikTok арқылы диван сатпақ болған әйел 2,5 жылға сотталды

алаяқтық

КҚК теңіз терминалында мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды

танкерлерге шабуыл

Энди Бернем Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі атанды

Энди Бернем

Павлодар облысы Жоламан ауылында кәріз құдығында алты адам қаза тапты

кәріз құдығы