USD
USD
USD

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды

Мәжіліс депутаты Асхат Аймагамбетов болашақ дәрігерлерді даярлау мерзімін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды.

медунивер
Фото: istockphoto.com

Астана, NEGE. Мәжіліс отырысында Асхат Аймағамбетов медициналық кадр даярлау жүйесінде қордаланған мәселелерді атап өтіп, саланы кешенді түрде реформалау қажет екенін айтты.

Оның сөзінше, қазіргі таңда медициналық жоғары оқу орындарында білім беру бірнеше модель бойынша жүзеге асып жатыр. Соңғы реформаға сәйкес, студенттер 6 жыл оқиды, алайда оның ішінде бакалавриат 5 жыл, ал магистратура мен интернатура небәрі жарты жылдан ғана қарастырылған.

«Интернатурадағы осы жарты жылды студент ауруханада нақты түсінікті мәртебесіз, медициналық жүйелерге қолжетімді болмай, қарапайым ем-домға қатысу құқығынсыз өткізеді. Қарапайым тілмен айтқанда, ол өз бетімен жүреді. Осындай алты жылдық оқудан кейін олар жұмысқа да тұра алмайды, өйткені барлығы міндетті түрде резидентурадан өту керек. Ол тағы да екі немесе төрт жыл. Және де бұл резидентураға гранттар өте аз, көбіне ақылы түрде оқуы мәжбүр», – деді Асхат Аймағамбетов.

Аймағамбетов егер бұл жүйе өзгермесе, алдағы жылдары кадр тапшылығы күшеюі мүмкін екенін ескертті.

«Егер осыған дейін қабылданған өзгерістер енгізілмесе, 2028-2029 жылдары бірде-бір жас маман университеттерді аяқтамай, кадр тапшылығы болуы мүмкін», – деді депутат.

Осыған байланысты ол жаңа модель ұсынды. Енді медициналық білім беру 7 жылға ұзартылып, оның 6 жылы теориялық оқуға, 1 жылы толыққанды практикалық интернатураға арналмақ. 

«Бір жыл ауруханада өтетін толыққанды практикалық интернатура. Осыдан кейін олар алғашқы буында жалпы практика дәрігері болып жұмыс істей алады. Невропатолог, нейрохирург сияқты тар бейінді маман болғысы келсе, қазіргідей резидентура оқуын жалғастыруы тиіс», – деді Аймағамбетов.

Жаңа бағдарламаның мазмұны да күшейтілмек. Оқу жүктемесі 300 кредиттен 420 кредитке дейін артады. Анатомия, физиология сияқты іргелі пәндер міндетті түрде толық көлемде оқытылып, барлық медициналық университеттер үшін қатаң талап ретінде бекітіледі.

Қазір оқып жатыр

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

.