USD
USD
USD

Айканың тізімі: Сот атышулы жеңгетайдың апелляциялық шағымын өзгеріссіз қалдырды

Алматы соты атышулы блогер әрі «элиталық эскорт қыздар» желісін ұйымдастырушы Айкаға қатысты қылмыстық істі қайта қарады. 

Айканың тізімі
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Бұған дейін бірінші сатыдағы сот М-ны аса ірі мөлшерде психотроптық затты заңсыз алу, сақтау және тасымалдау, сондай-ақ 52 бап бойынша қылмысқа кінәлі деп танып, жалпы 6,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

12 бап бойынша сутенерлікке қатысқаны үшін Т., 3 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушылар үкімге аппеляциялық шағым түсірді.

«Апелляция қылмыстық істі зерттегеннен кейін сотталғандарға тағылған айып толық расталды деп есептеді. М. 2023 жылдың мамырында мефедрон психотроптық затын өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алды және оны өзімен бірге заңсыз тасымалдаған. Полиция қызметкерлері оны ұстаған кезде сөмкесінен мефедронды тауып, тәркілеген. 2020-2023 жылдары М. көмекшісі Т-мен бірге қыздарды интимдік қызмет көрсету үшін пайдакүнемдік мақсатта ұсына отырып, жеңгетайлықты ұйымдастырды. Осы қызметтерден М. пайыздарды жеке өзі немесе оның көмекшісі Т. арқылы алды. Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтары, сарапшылардың қорытындылары және іс бойынша басқа да материалдармен расталады», - делінген сот хабарламасында.

Апелляциялық шағым үкімді өзгеріссіз қалдырды. Соттың үкімі заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский