USD
USD
USD

«Айканың тізімі» – Атышулы жеңгетайға сот үкімі шықты

Алматы қаласының Әуезов аудандық соты «элиталық эскорт қызметін» ұйымдастырушы Айка есімді жеңгетайға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі. 

Айканың тізімі
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Сот отырысы жабық режимде өтті. Айыпталушы 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. 

«Тергеу органы М.-ны аса ірі мөлшерде психотроптық затты заңсыз иемденді, сақтады және тасымалдады, сондай-ақ 52 эпизод бойынша бір топ адамдармен жеңгетайлық жасады деп (ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі, 309-бабының 2-бөлігі, 1-тармағы), Т.-ны бір топ адамдармен 12 эпизод бойынша жеңгетайлыққа көмектесті деп айыптады (ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 309-баптың 2-бөлігі, 1-т.). 2023 жылдың мамыр айында М., аса ірі мөлшерде мефедронды (психотроптық затты)сату мақсатынсыз заңсыз сатып алып, өзімен бірге заңсыз тасымалдаған», – делінген сот хабарламасында.

Ұстау кезінде полиция қызметкерлері сотталушының сөмкесінен психотроптық зат тәркілеген.

«М. 2020-2023 жж. материалдық пайда алу мақсатында пайдакүнемдік мақсатта бір топ адамдар Т.-мен бірлесіп, қыздарға ақшалай өтемақы үшін интимдік қызмет көрсету үшін жеңгетайлық жасаған. М.-ның осы қызметтерден жеке өзі немесе сыбайласы Т. арқылы пайыз алған», – делінген хабарламада. 

Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, сараптамалық қорытындылармен және іс бойынша басқа да материалдармен дәлелденді.

«Тараптардың позициясы М. кінәсін ішінара мойындаған, Т. кінәсін мойындамаған. Прокурор М.-ны жалпы қылмыс жиынтығы бойынша 4 жылға, Т.-ға 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Соттың шешімі  Жаза тағайындау кезінде сот М.-ның жасаған ісіне өкінетінін, қылмысты ашуға белсенді түрде көмектескенін, жас баласының болуын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. М-ны ауырлататын мән-жайлар анықталмаған. Т.-ның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталмаған. М. ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі, 309-бабының 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған қылмыстар жиынтығы бойынша түпкілікті 6 жыл 6 ай түрінде жаза тағайындалды. Т. ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 309-баптың 2-бөлігі, 1- тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 8 ай түрінде жаза тағайындалды», – делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

.

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Абай Түрікпенбаев

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ардагерлер

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Сот балғасы