29 Қаңтар 16:34
...

Айыппұл салады: қоқыс тастағандарды енді әкімдіктер жазалайды

gov.kz
Фото: gov.kz

Көктемнен бастап әкімдіктер қоғамдық орындарды ластағаны үшін тұрғындарға айыппұл сала бастайды. Өйткені Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулер наурызда күшіне енеді.

Астана, NEGE. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады. Бұл шара қалалар мен елдімекендердегі тазалық пен қоғамдық жұмыстарды қадағалауды күшейтуге бағытталған.

«Мемлекет басшысы 2025 жылдың 30 желтоқсанында қол қойған Қазақстан Республикасының заңы Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және барлық облыстардың жергілікті атқарушы органдарына қоғамдық кеңістіктерді ластағаны және қоғамдық жұмыстар ережелерін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-2 және 505-баптары бойынша әкімшілік хаттамалар беру құқығын береді.

Жаңа өкілеттіктер рұқсатсыз қалдықтарды тастау, жасыл кеңістіктерге зақым келтіру және қалалық инфрақұрылымды бұзу сияқты бұзушылықтарға жылдам және тиімді жауап беруге мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, бұрын бұл жазаны тек құқық қорғау органдары ғана қолданып келген.