USD
USD
USD

Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты іс тоқтап тұр

Қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның қазасына қатысты тергеу күдіктілерге іздеу жариялануына байланысты уақытша тоқтатылды.

Айгүл Сайлыбаева
Фото: instagram/justice_for_aigul

Астана, NEGE. Бұл жөнінде ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.

Брифингте БАҚ өкілдері вице-министрден марқұм Сайлыбаеваның күйеуі Александр Донцовты Қазақстанға экстрадициялау мүмкін бе екенін сұрады.

«Қазіргі уақытта бұл қылмыстық іс бойынша тергеу, өздеріңіз білетіндей, іздеу жариялануына байланысты тоқтатылды. Ресей тарапымен белсенді түрде хат алмасып жатырмыз. Ал басқа мемлекеттермен өзара іс-қимыл мәселесіне келсек, бұл тек Бас прокуратураның құзыретіне кіреді. Сондықтан алдағы шешімді уәкілетті орган – Бас прокуратура қабылдайды», – дейді Санжар Әділов.

Еске салсақ, 2024 жылғы маусымда Германияның Бенсхайм қаласында отбасымен тұрып жатқан Айгүл Сайлыбаеваның жоғалып кеткені хабарланды. Ол 4 маусым күні таңертең қызын балабақшаға апарып, содан кейін хабар-ошарсыз кеткен.

16 маусымда әйелдің мәйіті қала шетіндегі Эрлаче карьерінен қапқа салынған күйде табылды. Тергеу барысында марқұмның өлер алдында зорлық-зомбылыққа ұшырағаны анықталды. Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі мен енесі Александр және Наталья Донцовтар күдікке ілініп, оларға халықаралық іздеу жарияланды.

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Ресей Федерациясына аталған екі тұлғаның азаматтығын анықтау үшін халықаралық тергеу тапсырмасы жолданғанын хабарлады.

Ал ақпанның басында Ресейдің Тергеу комитеті Германиядағы қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты тергеуді бастағаны хабарланды.

Сондай-ақ таяуда Александр Донцовтың Мәскеудегі «Жоғары экономика мектебі» ұлттық зерттеу университетінде дәріс оқып жүргені мәлім болды.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Шерзат Болат

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

.

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

Төрәлі Қыдыр

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр

Тұрғын үй