USD
USD
USD

Айгүл Сайлыбаеваның қазасы: Ресейде күдікті Донцовтар ұсталды

Қазақстандық судья Айгүл Сайлыбаеваның Германиядағы өліміне қатысты іс бойынша марқұмның жұбайы мен енесі Ресейде ұсталды.

қылмыс
Фото: жеке архивтен

Астана, NEGE. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Александр Донцов пен Наталья Донцованы Қазақстанға экстрадициялау мүмкін емес екенін хабарлады, деп жазады «NewTimes.kz» желілік басылымы.

Екеуі де Ресей Федерациясының азаматтары болғандықтан, экстрадициялауға жатпайды. Бұл туралы Қазақстан тарапына алдын ала хабарланған.

«Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының экстрадициялау туралы сұрауы негізінде Ресей Сыртқы істер министрлігінің нотасына сәйкес, Ресей ІІМ Мәскеу қаласы бойынша Бас басқармасының Қылмыстық іздестіру басқармасының қызметкерлері А. Донцов пен Н. Донцованы ұстады. Бұған дейін бұл адамдарға Германия Федеративтік Республикасының құқық қорғау органдары тарапынан халықаралық іздеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі  желісі бойынша мемлекетаралық іздеу жарияланған болатын», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Ресей тарапы өз аумағында тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Қазақстаннан ресми сұрау салуды күтуде.

Еске салсақ, 2024 жылғы маусымда Германияның Бенсхайм қаласында отбасымен тұрып жатқан Айгүл Сайлыбаеваның жоғалып кеткені хабарланды. Ол 4 маусым күні таңертең қызын балабақшаға апарып, содан кейін хабар-ошарсыз кеткен.

16 маусымда әйелдің мәйіті қала шетіндегі Эрлаче карьерінен қапқа салынған күйде табылды. Тергеу барысында марқұмның өлер алдында зорлық-зомбылыққа ұшырағаны анықталды. Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі мен енесі Александр және Наталья Донцовтар күдікке ілініп, оларға халықаралық іздеу жарияланды.

Ресей Федерациясына аталған екі тұлғаның азаматтығын анықтау үшін халықаралық тергеу тапсырмасы жолданған болатын.

Ал ақпанның басында Ресейдің Тергеу комитеті Германиядағы қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты тергеуді бастағаны хабарланды.

Сондай-ақ таяуда Александр Донцовтың Мәскеудегі «Жоғары экономика мектебі» ұлттық зерттеу университетінде дәріс оқып жүргені мәлім болды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда берік орныққан президенттік басқару үлгісі Алтын Орда кезінде құрылған саяси жүйеден бастау алады – Тоқаев

Тоқаев

Алматыда перзентханада ана мен бала көз жұмды

сәби өлімі

6-7 маусымда Астанада Astana Half Marathon-ға байланысты қозғалыс шектеледі

Астана

Қырғызстанның экс-премьері Данияр Үсеновтің ұлы Алматыда қамауда отыр

Данияр Үсенов