USD
USD
USD

Әйелін ұрып-соқты деп айыпталған экс-әкімге қатысты сот үкімі өзгерді

Атырау облысында әйелін ұрғаны үшін сотталған Мақат ауданының бұрынғы әкімі Ринат Ибрагимовқа қатысты бірінші сатыдағы сот үкімі жеңілдетілді.

Ринат Ибрагимов
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Атырау тұрғынының бас бостандығы денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін бас бостандығы 2 жылға шектелген. Алайда, апелляциялық алқа бірінші сатыдағы сот үкімін өзгертіп, жазаны айыппұлға ауыстырды.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Атырау қалалық №2 соты И есімді азаматты ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп таныған. Оған бас бостандығын 2 жылға шектеу түріндегі жаза тағайындалған.

Жәбірленушінің моральдық шығын өндіру туралы азаматтық талап қоюы ішінара қанағаттандырылды. Сотталушыдан 2 млн теңге моральдық зиян өтемақысы өндірілді. Іс апелляциялық алқаға жәбірленуші және қорғау тарабының шағымдары, сондай-ақ прокурордың өтінішхаты бойынша түсті.

«Сот алқасы іс материалдарын зерделеп, И-дің қылмыс жасаудағы кінәсі жәбірленушінің жауаптарымен, сот-дәрігерлік сараптама қортындысымен дәлелденді деген тұжырымға келген. Алайда, кінәлі адамға көрінеу белгілі материалдық жағынан тәуелді адамға қатысты саралау белгісі дұрыс тағылмаған деп шешті. Жәбірленушінің сотталушыға материалдық тәуелділігі туралы дәлел ұсынылмады. Жәбірленушінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны, оның шотына ақша түскені туралы құжаттар ұсынылды. Осыған байланысты И.-дің әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігімен қайта сараланды. Оған 700 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (2 млн 415 мың теңге айыппұл жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Арыста ағайындыларды он шақты жігіт соққыға жыққан: туыстары әділ жаза талап етеді

Алмасбек, Сауран

«Арандату болған, басы жарылған»: Әсет Матаевтың адвокаты мәлімдеме жасады

Әсет Матаев

Кенжеғұл Сейітжан премьер-министрге өкпелі

Кенжеғұл Сейтжан

Талғардағы кісі өлтіру және бала ұрлау ісі: басты айыпталушы 25 жылға сотталды

жауапкершілік