USD
USD
USD

«Әйелдерді хиджаб кимегені үшін өлтіріп жатыр» – Әнші Ұланғасыр Қамиевтың үстінен іс қозғалды

Қостанай тұрғыны Саида Сисембаева әлеуметтік араздықты тудырды деп әнші Ұланғасыр Қамидің үстінен арыз түсірді.

Ұланғасыр Қами
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Оған Ұланғасыр Қамиевтің хиджабқа қатысты айтқан сөзі себеп болып отыр.

«Біздің депутаттар бұл мәселеге бей-жай қарап, арыз жазбағаннан кейін, өзім жазуға бел будым. е-Otinish арқылы Ішкі істер министрлігіне ҚР ҚК-нің 174-бабына сәйкес әлеуметтік және гендерлік алауыздықты қоздыру, әйелдерге деген өшпенділікті насихаттау мәлімдемелерін тексеру туралы өтініш жаздым. Өтініш тіркелді, енді қандай да бір іс қозғала ма әлде әдеттегідей кешіріммен құтыла сала ма көрейік. Жақында әлеуметтік желіде видео-бейнесі тараған қазақстандық әнші Ұланғасыр Камидің әйелдерге қатысты өшпенділік туғызу, сондай-ақ ҚР ҚК 174-бабына сәйкес әлеуметтік араздықты қоздыру туралы резонанстық мәлімдемесін қарауыңызды сұраймын. Осы бейне үндеуінде азамат Ұланғасыр Ками біздің зайырлы қоғамның Конституциясына қайшы келетін радикалды мәлімдемелер жасады! Мысалы, оның айтуынша, «күйеулері әйелін хиджаб кимегендіктен өлтіреді»! Менің ойымша, Ұланғасыр Камидің осындай сөздері мен мәлімдемелері еркектердің әйелдерін аяусыз өлтіру мен ұрып-соғуын ақтайды!», – деп жазды Сисембаева әлеуметтік желідегі парақшасында.

ҚР Ішкі істер министрлігі арыз түскенін растады. 

Қазір оқып жатыр

Жанабыловтар ісінен сабақ алмаған секілді: Желіде тағы бір блогер ауқымды ұтыс жариялады

Салтанат Аманқосова

Сегіз жылдағы максимум: Қазақстанға Қытайдан қоныс аударушылар саны артқан

Чемодан, саяхат, көшу

Мүфтият айт намазаның кестесін жариялады

Намаз

Сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасын жеңілдетті

Бақытгүл Хаменова