USD
USD
USD

Әйелдер күресінен Азия чемпионатында 3 қазақстандық балуан қола медаль үшін бақ сынайды

Амманда (Иордания) әйелдер күресінен Азия чемпионаты аясында жұбаныш кезеңі аяқталды.

Әйелдер күресі
Фото: СДД

Алматы, NEGE. Нәтижесінде финалдық бөлікке екі қазақстандық балуан жолдама алды. 59 келі салмақ дәрежесінде Гүлдана Бекеш өзбекстандық Сарбиназ Жиенбаеваны жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Сондай-ақ, 68 келі салмақта Ирина Казюлина да қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Оның ширек финалдағы қарсыласы, қытайлық Цзелу Ли, Азия чемпионатының финалына шықты.

Осылайша, Қазақстан атынан қола жүлде үшін үш балуан бақ сынайды. Бұған дейін 50 келі салмақта Светлана Анкичева финалдық кезеңге өткен болатын.

Финалдық белдесулер Астана уақытымен 20:00-де басталады.

Қазір оқып жатыр

Магеррам Маггеррамов: Салық реформасы бюджет тапшылығын жаба алмады

Салық

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ