USD
USD
USD

Әйелдер күресі: Жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар жартылай финалға шыға алмады

Тиранда (Албания) күрес түрлері бойынша әлем чемпионатында әйелдер арасында сайыстар басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әйелдер күресі
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. 23 қазанда қазазқстандық спортшылар бес салмақ категориясында кілемге шықты. Алайда олардың ешқайсысы жартылай финалға шыға алмады.

50 келіге дейінгі салмақтағы Лаура Ғаниқызы 1/8 финалы кезінде түркиялық Зехра Демирханды 6:4 есебімен жеңген болатын. Алайда жартылай финалға жолдама үшін күресте америкалық Сэйдж Мортимерден жеңілді - 4:14.

55 келіге дейінгі салмақта Айнұр Әшімова Отгонтуе Баянмунхтен 2:8 есебімен жеңілді.

Алғашқы жекпе-жек Гүлдана Бекеш (59 келіге дейінгі салмақта) үшін де сәтсіз болды. Ол жапониялық қарсыласы Химека Токухарадан жеңілді - 7:1.

Бейбіт Сейдуали (68 келіге дейінгі салмақта) америкалық Бруклин Хэйске есе жіберді - 6:4.

Алғашқы сайыста Алина Ертөстік те (76 келіге дейінгі салмақта) жеңіліс тапты. Оның қарсыласы Елена Макойед (АҚШ) 0:11 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша біздің спортшылар енді жартылай финалдар нәтижесін күтеді. Егер қазақстандық спортшылардың қарсыластары финалға шықса, онда жұбаныш айналымы арқылы «қолаға» таласа алады.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG