Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Әйел туыстарының кегін алу үшін 40 бандитті бәлішпен улап өлтірді

Гаитиде бір әйел туыстарының кегін алу үшін бәлішпен жергілікті банданың бірнеше мүшесін улап өлтірген. Бұл туралы  Oddity Central хабарлады.

Б
Фото: imungu.livejournal.com

Алматы, NEGE. Мамыр айының басында Порт-о-Пренс қаласындағы көше тағамдарын сатушы әйел Viv Ansanm деп аталатын банданың қылмыскерлеріне ауданға "қамқорлық көрсеткені" үшін алғыс айтып, оларға тегін бәліш ұсынған. Алайда бандиттер тағамды жегеннен кейін көп ұзамай қатты іштері ауырып, құса бастаған. Улану салдарынан 40-тан астам қарақшы қаза тапқан. Дәрігерлер олардың өмірін аман сақтап қала алмады.

Осыдан кейін әйел өз еркімен полицияға барып, жасаған қылмысын мойындаған. Ол Viv Ansanm тобы отбасының бірнеше мүшесін өлтіргенін айтып, кек қайтармақ болғанын жеткізді. Сараптама нәтижесінде әйел бәлішке ауыл шаруашылығында қолданылатын күшті пестицид қосқаны анықталды.

Қазіргі уақытта гаитиялық әйелге қандай айыптар тағылғаны белгісіз.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш