USD
USD
USD

Айдос Сұлтанғали: Кілемде қырғын болды, мен барымды салдым

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Айдос Сұлтанғали Олимпиаданың алғашқы айналымында жеңілді. Белдесуден соң сұхбат берген спортшы кілемде барын салғанын айтты, деп жазады Olympic.kz.

Айдос Сұлтанғали
Фото: Сали Сабиров

Алматы, NEGE. «Қарсыласым әлемдегі нөмірі бірінші балуандардың қатарында. Оған әрі қарай сәттілік тілеймін. Егер ол финалға шықса, жұбаныш белдесулері арқылы қола медальға үміт етеміз.

Кілемде қырғын болды, барымды салдым. Алғашқы екі ұпайды алып тастайтынын да білдім. Себебі, ол өзі аяғыма отырғандай болды. Сондықтан, әрі қарай әдіс істесем, бәрібір артқы камерадан қарап, шегеріп тастайтын еді.

Бапкерлерімнің тактикасымен шамам жеткенше күрестім. Ал қалай өз күресіме салдым, солай ұпай алды қарсыласым. Енді Жоламанның финалға жетуін тілеймін», - деді Сұлтанғали.

Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен 60 келі салмақта сынға түсіп, 1/8 финалда қырғызстандық Жоламан Шәршенбековке есе жіберді.

Қазір оқып жатыр

АҚШ-қа тікелей рейс: FAA Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін бағалау жұмысын аяқтады

FAA сарапшылары отырысы

Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті

Елена Рыбакина

«Креслосыз» қалған Әшімбаев: саясаткердің ықпалы әлсіреді ме?

Мәулен Әшімбаев

Алексей Чуркин Азиадада ауыр атлетикадан әлем рекордын жаңартты

Алексей Чуркин