USD
USD
USD

Айбек Смадияров Қазақстан СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. 

Айбек Смадияров
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Айбек Смадияров Қазақстан СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы – Ресми өкілі болып тағайындалды», – делінген хабарламада. 

Айбек Смадияров 1983 жылғы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2004 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы «Қазақстандағы Қытай банкі» АҚ Административтік департаментінің маманы ретінде бастаған. 2006 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы ретінде қызмет атқарды. 2008-2010 жылдары ҚР СІМ Еуропа департаментінің атташесі және үшінші хатшысы лауазымдарында жұмыс істеді.

2010-2012 жылдар аралығында Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде үшінші хатшы қызметін атқарды.

2012 жылдан 2013 жылға дейін ҚР Президентінің Баспасөз қызметінде сарапшы, ал 2013-2014 жылдары ҚР СІМ Сыртқы саяси сараптау мен болжамдау комитетінің бірінші хатшысы лауазымын атқарды.

2014 жылдан 2018 жылға дейін Вьетнамдағы ҚР Елшілігінде екінші және бірінші хатшы қызметінде жұмыс істеді.

2018-2019 жылдары ҚР СІМ Баспасөз қызметін басқарып, 2019-2023 жылдар аралығында ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – Баспасөз хатшысы лауазымын атқарды.

ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалғанға дейін 2023 жылғы маусымнан бастап ҚР СІМ Коммуникациялар департаментінің директоры – Ресми өкілі болды.

II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген. 

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.