USD
USD
USD

Айбек Сыдықов мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Айбек Сыдықов
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE.«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айбек Жексенәліұлы Сыдықов мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды», – делінген хабарламада.

Айбек Сыдықов 1983 жылы Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы «Алматы қаласы тарихы музейі» КМҚК-да экскурсия жүргізушісі болып бастаған.

2007-2015 жылдары «Алматы қаласы тарихы музейі» КМҚК ғылыми қызметкері, директордың орынбасары, директоры;

2015-2016 жылдары «Алматы қаласы музейлерінің бірлестігі» КМҚК директоры;

2016-2022 жылдары «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы мемлекеттік музейі» РМҚК мұражай бөлімінің басшысы, директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК директорының орынбасары болды.

Қазір оқып жатыр

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен

ДСМ телеарналар мен әлеуметтік желілерде фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

жарнама