USD
USD
USD

Айбек Рахымбеков Абай облысының Кәсіпкерлік басқармасының басшысы болып тағайындалды

Абай облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына жаңа басшы келді. Бұл лауазымға Айбек Смағұлұлы Рахымбеков тағайындалды.

Айбек Рахымбеков
Фото: GOV.KZ

Алматы, NEGE. Айбек Рахымбеков 1990 жылы 23 желтоқсанда Астана қаласында дүниеге келген.

Ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Аймақтану», Қазақ инженерлік-техникалық академиясының «Экономика», сондай-ақ АҚШ-тың Оңтүстік Калифорния университетінің «Халықаралық мемлекеттік саясат және басқару» мамандықтары бойынша білім алған.
«Болашақ» бағдарламасының түлегі.

Мемлекеттік қызмет жолын 2014 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде бастаған.
Кейін Инвестициялар және даму министрлігінде, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде әртүрлі жауапты қызметтер атқарды.
Соңғы кезде Абай облысы Кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Айта кетейік, бұған дейін Дін істері комитетінің төрағасы болып Әнуар Хатиев тағайындалған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қаржыдан мұнайға ауысу оңай емес. Кеңес Рақышев НЕГЕ борыштан көз ашпады?

Ракишев

Астанада жеке клиника басшысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды

скриниг

Тоқаев жақында тағайындалған Халық Кеңесі төрағасының орынбасарын қабылдады

Тоқаев, Жайсаңбаев

Құрылтай сайлауына 34,3 млрд теңге бөлінеді

ОСК