USD
USD
USD

Айбек Оралбай – 3 дүркін Азия чемпионы

Ұланбатырда өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Айбек Оралбай үш дүркін Азия чемпионы атанды.

Айбек Оралбай
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Астана, NEGE. Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, әлем чемпионы, +90 келідегі Айбек Оралбай шешуші сында Қытай спортшысы Данабек Байкенжемен жұдырықтасты.

«Отандасымыз жекпе-жекте қарсыласына ауыр соққыларын дарытып, әр раундты өз еншісіне жазды. Қорытынды есеп – 5:0», – делінген федерация хабарламасында.

Айбек бұған дейін 2022 және 2024 жылдары Азия чемпионы атанған еді.

«Дәл қазір қатарынан үш дүркін Азия чемпионы болдым. Бұл жеңісімді барша қазақ еліне арнаймын. Мақсатым – бес-алты дүркін Азия чемпионы, бірнеше мәрте Әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы атану. Сол үшін еңбек етемін», – дейді Айбек Оралбай.

Үш дүркін Азия чемпионы деген атақ бұған дейін тек Василий Левитте ғана болған.

Айта кетейік, бұған дейін Ұланбатырдағы Азия чемпионатында Нұрбек Оралбай, Сабыржан Аққалықов және Оразбек Асылқұлов Қазақстан қоржынына алтын медаль салған еді.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.