USD
USD
USD

Аяжан Сыдық бокстан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы Аяжан Сыдық Арменияның Ереван қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті.

Аяжан Сыдық бокстан әлем чемпионы атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды. 54 келіге дейінгі салмақ санатындағы ақтық кезеңде А.Сыдық Үндістан өкілі Амиша Керкеттамен кездесті. Жекпе-жек төрешілердің бірауызды шешімімен қазақстандық боксшының пайдасына, 5:0 есебімен аяқталды.

Осылайша, Аяжан Сыдық әлем біріншілігінің алтын жүлдесін қанжығасына байлады. Ал оның қарсыласы «күміске» қанағат етті.

Қоса кетейік, Қазақстан құрамасы үшін бұл аталған турнирдегі алғашқы алтын медаль.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, финалда сондай-ақ, қыздар арасында – Толғанай Қасымхан (60 кг), Айсұлу Мұхит (66 кг), ұлдар арасында – Нұрсалы Тілеубек (54 кг) рингке шығады.

Финал жекпе-жектері 3 және 4 желтоқсанға жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда туған 22 мыңнан астам медбике шетелде жұмыс істейді – ЭЫДҰ

Дәрігер мен науқас

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова