USD
USD
USD

Аяжан Еділованың өліміне қатысты тергеу аяқталды

Жәбірленуші тараптың қорғаушысы Қадыржан Ғалымжанұлының айтуынша, Алматының арнайы прокуратурасы процеске қатысушыларға тергеу аяқталғанын хабарлаған.

Аяжан Еділованың өліміне қатысты тергеу аяқталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жәбірленуші тараптың қорғаушысы Қадыржан Ғалымжанұлының айтуынша, Алматының арнайы прокуратурасы процеске қатысушыларға тергеу аяқталғанын хабарлаған.

«Қазір барлық тарап іс материалдарымен танысып жатыр. Шамамен 30 сараптама жүргізілді, бәрінің жауабы, қорытындысы келді. Іс материалдары бойынша шамамен 20 том,  плюс-минус 100 сағаттық видео жасалған, соның бәрімен танысып жатырмыз. Іс қазанда сотқа түседі, 2022 жылдың қаңтарына дейін  соттың бірінші инстанциясы үкім шығаруы мүмкін», – деді ол.

Қорғаушының айтуынша,  күдіктінің әрекеті екі бап бойынша қаралып жатыр, сол баптар бойынша  Төребеков 32 жылға сотталады.

«Біріншісі –  99-баптың 2-бөлігі 10- тармағы, яғни «Өзге қылмысты жасыру үшін адам өлтіру», екіншісі  – 120-баптың 2-бөлігі 2-тармағы, яғни  «Зорлау». Есептегенде, ең көп дегенде, 32 жылға соттайды. Қанша нұсқа болса, прокуратура сонша нұсқамен жұмыс істеді. Қазіргі уақытта жалғыз нұсқа бекітілді, оны ашып айта алмаймын», – деді қорғаушы.

Қадыржан Ғалымжанұлы сот жабық режимде өтуі мүмкін екенін айтты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы