USD
USD
USD

Аяжан Еділованы өлтірген күдіктіге сот үкімі шықты

Алматыда Аяжан Еділованы өлтірді деп айыпталған азаматқа сот үкімі шықты.

Аяжан Еділованы өлтірген күдіктіге сот үкімі шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Күдікті Төребеков айыпты деп танылып, 25 жылға сотталды.  

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтіру қорқытумен (ҚК-нің 120-бабының 2-бөлігінің 2-тармағы) үйлестіріп зорлау және басқа қылмысты жасыру мақсатында кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылған Т.-ға қатысты істі қарады. 

Сотта анықталғандай, Т. 2021 жылдың наурыз айының ортасында өз пәтерінде бола тұра, зорлау мақсатында, алдап-арбау арқылы – тігін қызметін көрсетемін деген желеумен жәбірленуші Е. шақырған. Т., өз еркімен жыныстық қатынасқа түсуге келісімін алмай, зорлық-зомбылық көрсетіп, өлтіремін деп қорқытып, жәбірленуші Е.-ны зорлап, зорлағанын жасыру мақсатында белбеуімен тұншықтырып өлтірген, соның салдарынан жәбірленуші сол жерде өлген. Артынша Т., қылмыс ізін жасыру мақсатында жәбірленушінің мәйітін бөлшектеген.

Сотталушы Т. кінәсін ішінара мойындап, зорлады деген айыппен ақтауды сұрады.

Іс бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар жоқ.

Сот үкімімен Т., адам өлтіремін деп қорқытумен (ҚК-нің 120-бабының 2-бөлігінің 2-тармағы) және басқа қылмысты жасыру мақсатында кісі өлтірумен, сондай-ақ зорлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды (ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлігі, 10-тармағы). Қылмыстардың жиынтығы бойынша 25 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталған Т., бұрын сотталмаған, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.

Осыған байланысты сот өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға негіз таппады.

Сонымен қатар, азаматтық талап-арызы ішінара қанағаттандырылып, жәбірленушінің пайдасына 20 000 000теңге өндірілу тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, сот барысында ол бойжеткенді зорлады деген айыппен келіспей, тек кісі өлтіргенін ғана мойындаған еді.

Аяжан Еділованың өлімі бойынша сот отырысы 9 қарашада басталды. Іс Алматы қаласының аса ауыр қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық режимде қаралды. Аяжанның отбасының атынан сотқа қатысқан қорғаушы Қадіржан Ғалымжанұлы қылмыстық іс 30 томнан тұратынын және 30-ға жуық сараптама өткізілгенін мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net