USD
USD
USD

Аязға байланысты автобустар тоқтады

Нұр-Сұлтанда қатты аязға байланысты кейбір автобустар тоқтады.

Аязға байланысты автобустар тоқтады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Тек елорда маңында ғана емес, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында тас жолдарда қозғалыс шектелді
Нұр-Сұлтанда қатты аязға байланысты қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы City Transportation Systems көлік компаниясы Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Ауа райының қолайсыздығына (қатты аяз -30... – 38 градус) байланысты қала маңына қатынайтын №№ 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Қала маңына қатынайтын қалған бағдарлар линияда.

Бұған дейін аязға байланысты Нұр-Сұлтаннан барлық бағыт бойынша шығуға шектеу қойылған еді. Шектеу 2 қаңтардан республикалық маңыздағы автожолдардың бағыттары бойынша енгізілді.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян