USD
USD
USD

Аяз ата үйіңізге келмейтін болды

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың таралуын тежеуге қатысты жаңа қаулыға қол қойып, біршама тыйымдар салды. Қаулы 26 желтоқсанда күшіне енеді.

Аяз ата үйіңізге келмейтін болды
Фото: NEGE.kz

Жаңа жыл мерекесін әркім көңілді өткізгісі келетіні белгілі. Алайды биыл Аяз ата мен Ақшақар үйіңізге келмейді. Өйткені Бекшин адам көп жиналатын той-томалақ, спорттық шаралар, көрмелер, форумдар және қонақ көп келетін түрлі отбасылық мерекелер өткізуге тыйым салды.

Ж.Бекшин.

«25 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында ұйымдар мен мекемелерге жаңа жылдық мерекелер өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ, аниматорларды, яғни Аяз ата, Ақшақар сияқты персонаждарды үйге шақыртатын агенттіктер жұмысына тыйым салынады», – делінген қаулыда.

Сауда нысандары, оның ішінде ойын-сауық және сауда орталықтарының жұмысы 23:00-ге дейін ұзартылды.

«Медеу», «Шымбұлақ» сияқты туризм нысандары жұмыс істейді. Бірақ шектеу бар. Мәселен, «Медеу» мұз айдынына бір сәтте 750 адамнан артық кіргізілмейді. Ал «Шымбұлақтағы» жүктеме 30 пайыздан аспауы тиіс.

Қазір оқып жатыр

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес