USD
USD
USD

«Аяз ата, Ақшақар – 2024» республикалық фестивалі өтіп жатыр

Бұл ерекше іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 150 Аяз ата мен Ақшақар жиналды, деп жазды 24.kz.

қыс
Фото: 24.kz

Алматы, NEGE. Басты мақсат – өлкенің қысқы туристік әлеуетін көрсетіп, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй силау. Алғаш рет ұйымдастырылған бұл байқау бұдан былай дәстүрлі мейрамға айналмақ.

«Аяз ата, Ақшақар – 2024» ресупбликалық фестивалі Алтай тауларының бөктеріндегі Риддерде басталды. Жан-жақтан жиналған жаңа жылдың басты кейпікерлері кеншілер қаласын әп-сәтте ертегілер шаһарына айналдырды. Осыдан соң мерекелік байқауға қатысушылар Өскеменге жол тартты.

«Аяз Ата мен Ақшақарлар» фестивалі Ұлытау, Ақтөбе, Павлодар, Абай, Батыс Қазақстан сынды бірнеше облыстан келген қонақтардың басын қосты. Бұндай іс-шараның ел шығысында өткізілуінің өзіндік себебі де бар. Өлкеде таулы Альпі, Таулы Үлбі сияқты тау шаңғысы базалары көп.  Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат қолда бар мүмкіндікті насихаттау арқылы өңірді  қысқы туризмнің орталығына айналдыру.


Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram