Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Аятолланы биліктен құлатуы мүмкін

Пехлеви шахтың заңды мұрагері Реза ханзада ирандықтарды аятолланың режимін құлатып, саяси революция жасауға шақырды. Бұл жөніндегі мәлімдемесін ол The National Interest басылымына берген сұхбатында айтты.

Аятолланы биліктен құлатуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ханзаданың айтуынша, Иранда діни басқару салтанат құрып, шариғат жолымен жүргенін қаламайтын барлық мемлекеттер бүгінгі билікті құлатуға қаржылай көмек беруі керек. Және Америка үкіметін «қазіргі республиканы жойып жіберу» үшін экономикалық қысым көрсетуін тоқтатпауға шақырды.

«Елде демократия орнауы үшін мен ирандықтардың заңдық құқығын бар жағынан қорғауға дайынмын», – дейді ол.

Өзін Иран билігіне таласпайтындығын айта келіп, ханзада бүгінгі таңда Вашингтонның Тегеранға ықпалы әлі де аз екенін айтады.

Реза ханзада – 1941-1979 жылдар аралығында билік құрған Иранның соңғы шахы Мохаммед Реза Пехлевидің ұлы, заңды мұрагері. Оның әкесін «Ислам революциясы» тақтан тайдырып, Ираннан кетуіне мәжбүр еткен.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА