14 Қазан 13:55
...

Аялдаманы қиратқан петропавлдық 5 тәулікке қамалды

Фото:
Бұл туралы

 Polisia.kz жазды.

Алматы, NEGE.10 қазан күні кешке белгісіз бұзақы қаланың Жуков көшесіндегі аялдаманы қиратқан. Өтіп бара жатқан адамның полицияға уақтылы жүгінуі бұзушыны іздеп табуға септігін тигізді. Ол қираған аялдаманы көре сала, бірден “102” нөміріне хабарласқан.

Учаскелік инспектор 21 жастағы қала тұрғынын анықтап жауапқа тартты, бұзушы бұндай әрекетке баруын ол кезде алкогольдік масаң күйде болғанымен түсіндірді. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша материал жинастырылды.

12 қазан күні сот шешімімен оған 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды. Келтірілген шығынды өтеу туралы талап арыз беру үшін сот қаулысы Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тапсырылды.

– Бұдан бөлек, сотпен бұзушының жүріс-тұрысына 3 ай мерзіміне ерекше талап шығарылды. Бұл кезеңде оған алкогольді ішуге тыйым салынады. Талаптың орындалуын бақылау учаскелік инспекторға жүктеледі. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабы 2-бөлігі бойынша ерекше талаптарды бұзғаны үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу немесе 7 тәулікке қамауға алу жазасы көзделгенін еске саламыз, – деді Петропавл қаласы ПБ Бірінші полиция бөлімінің бастығы Тілеген Әлжанов.

Жалпы жыл басынан Петропавл полицейлері ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 303 адамды жауапқа тартты.

Тегтер: