2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Аялдама мен автобустарға видеокамералар орнату ұсынылды

Алматыда полиция қызметкерлері аялдамалар мен қоғамдық көлік салондарына видеокамералар орнатуды ұсынуда. «Қылмыстың 60% - ы ұрлық. Десекте, пәтер ұрлығы 46,4% -ға, автомобиль ұрлығы - 3,5 есеге, көлік салонын тонау - 2,4 есеге, бүйір айналарды ұрлау - 4,2 есеге азайды», - деді Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов брифинг барысында.

Аялдама мен автобустарға видеокамералар орнату ұсынылды
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE. Оның айтуынша, криминалдық полиция қызметкерлерінің 70% -ы ұрлықты ашуға жұмылдырылған. Ұрланған мүлікті сатып алушыларға қатысты тиісті шаралар қолданылып жатыр. Сонымен қатар, спикер ұрлықтың 25% -ы қоғамдық көліктерде немесе аялдамаларда жасалатындығын атап өтті. «Қалада 2 мың аялдама пункті бар, онда бейнебақылау камералары жоқ. 1771 қоғамдық көлік бар. Олар да толықтай бейнебақылаумен жабдықталмаған», - дейді Қанат Таймерденов.

Ұрлықтың алдын алу және азайту маұсатында полиция әкімдікпен бірлесіп, аялдамалар мен қоғамдық көлік салондарына бейнебақылау камераларын орнатуды көздеп отыр. Бұл қалта ұрыларын тез анықтауға мүмкіндік береді. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жалпы мегаполистегі қылмыс 44 % -ға төмендеген.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер