USD
USD
USD

Аягөздегі балалар орталығында балалар мен қызметкерлер коронавирус жұқтырды

Аягөзде арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің балалар орталығында шамамен 40-қа жуық бала мен 22 қызметкер коронавирус жұқтырды. Бұл туралы орталық директоры Шолпан Мұқашева жазды.

Аягөздегі балалар орталығында балалар мен қызметкерлер коронавирус жұқтырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол директор қызметіне жақында ғана – 2020 жылдың 2 шілдесінде кіріскен.

Шолпан Мұқашеваның сөзінше, 28 маусымда мекеменің екі тәрбиеленушісі коронавирус жұқтырғаны анықталған. Балалардың бірі жазғы демалыста үйіне барып қайтқан, екіншісі Өскемендегі психикалық орталықтан келген. Олар аудандық ауруханаға жіберіліп, емделіп шыққан. Қазір орталықтың оқшауланған жеке бөлмесінде жүр.

2 шілдеден бастап орталықта карантин күшейтілген, барлық балалар мен қызметкерлер ПЦР әдісімен тексеруден өткен. Тексеру нәтижесінде 35 тәрбиеленуші мен 22 қызметкерден коронавирус табылды. Тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау комитеті қызметкерлерімен бірлесіп, эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде, - деп жазды Шолпан Мұқашева instagram парақшасында.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі