USD
USD
USD

Аягөзде көз жұмған офицер туған жеріне жерленді

Жас жігіттің денесін кеше Абай облысынан Қызылорда облысына ұшақпен жеткізген.

Жерлеу рәсімі
Фото: Ulysmedia.kz

Алматы, NEGE. Аягөзде көз жұмған әскери қызметкер Нұрсұлтан Алдамұратовты туған-туыстары соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Биыл маусымда 26 жасқа толған офицер Қызылорда облысы Арал ауданындағы өзінің туған ауылы Саздыда жерленді. Жас жігіттің денесін кеше Абай облысынан Қызылорда облысына ұшақпен жеткізген.

Көз жұмған сарбаздың есімі – Нұрсұлтан Алдамұратов. 1998 жылы туған. Қызылорда облысы Арал ауданы Сазды ауылының тумасы.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігіне қарасты Абай облысы Аягөз ауданында орналасқан 10810 әскери бөлімінде жоғары оқу орнын бітіріп, әскери кафедрадан кейін барған қызметкер көз жұмғаны хабарланған еді. Әскери бөлім оның туған-туыстарына жас жігіт асылып қалғанын айтқан. Туған-туыстары жас жігіттің өз-өзіне қол салғанын күмәнмен қарайды.

Қорғаныс министрлігінің тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы Тілеухан Басқожаевтың айтуынша, Нұрсұлтан Алдамұратов Аягөздегі әскери бөлімге екі жылға шақырылған, офицер болған. Басқожаев “жас жігіттің әскери қызметке еш шағымы болмағанын” айтады.

Қазір оқып жатыр

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі

11 мыңға жуық лифтіні екі-ақ адам бақылайды: министрлік тұрғын үй саласындағы проблеманы атады

Пәтер

Ұлттық қордан өңірлерге 1,5 трлн теңге бөлінеді: қаражат қайда жұмсалмақ?

primeminister.kz

Павлодардағы колониядан Wi-Fi-роутерлері, Sony PlayStation ойын приставкасы мен смартфондар табылды

сот