USD
USD
USD

Аягөзде 172 жүргізушіге айыппұл заңсыз салынған

Абай облысы Аягөз қаласында жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін камералардың жұмысында кеткен қателіктен жүргізушілерге негізсіз айыппұл жазылған.

Айыппұл
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Аудан прокурорларының анықтауынша, Аягөз қаласындағы көшелердің бірінде көлік қозғалысына рұқсат етілген жылдамдық сағатына 60 шақырым деп белгіленген. Алайда автоматты тіркеу кешенінің баптауларында шекті жылдамдық сағатына 40 шақырым деп қате көрсетілген.

«Осының салдарынан 172 азамат әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тартылған. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде заңсыз шығарылған қаулылардың барлығының күші жойылып, төленген айыппұлдарды қайтару жұмыстары ұйымдастырылды», – делінген хабарламада.

Нәтижесінде көлік иелеріне 800 мың теңгеден астам қаражат қайтарылған. Қаражатты қайтару жұмыстары жалғасуда.

Абай облысының прокуратурасы тұрғындарға әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тарту фактілері анықталған жағдайда, өз құқықтарын қалпына келтіру үшін прокуратура органдарына жүгінуге құқылы екенін ескертті.

Қазір оқып жатыр

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар

Алматыда сүт безі обыры диагнозымен жиырмаға жуық ер адам есепте тұр – онколог

Дәрігер мен науқас

Мүмкін азайтармыз. ТШО акционерлері НЕГЕ Қазақстанмен саудаласып көрмек?

ТШО