USD
USD
USD

Аяғын жұлып алған: Атбасарда алабайдың иесіне сот үкімі шықты

Атбасар қаласының тұрғыны алабайдың иесінен сот арқылы өтемақы өнідіріп алды. Ит оның аяғын жұлып алған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Аяғын жұлып алған: Атбасарда алабайдың иесіне сот үкімі шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сотта жәбірленуші Ботакөз Есенаманованың шағымы қаралды. Ол иттің иесінен денсаулыққа келген зиянды және моральдық шығынды өтеп беруді талап етті. Атбасар қаласының тұрғыны еңбекке жарамсыз болып қалды. Оған қоса, стационарда біраз уақыт емделді. Ал аяғын кесіп тастауға тура келді. Себебі ит оны жұлмалап тастаған. Енді, протез жасату керек. Дәрі-дәрмек пен арбаға да біраз ақша кеткен.

Атбасар аудандық соты шағымды толығымен қанағаттандырған жоқ. Бірақ материалдық және моральдық өтемақыны төлеуге үкім шығарды.

"Сот 357 914 теңге көлемінде материалдық залалды, 85 131 теңге мөлшерінде жоғалған табысты, сондай-ақ 5 000 000 теңге көлемінде моральдық шығын мен өкілдің көмегіне кеткен ақшаны өндіріп беруге шешім шығарды", – делінген ресми хабарламада.

Сотта алабайдың иесі үй жануарының құжатын көрсеткен жоқ. Бірақ ерлі-зайыптының екеуі де жауапты. Өйткені итті бірге тұрғанда сатып алған.

Айта кетері, 21 наурызда аудандық мәдениет үйінің қызметкері Ботакөз Есенаманова жұмысқа бара жатқанда алдынан алабай шыққан. Ит аяғынан шап берді. Әйел айқайлап, көмекке шақырған. Бірақ таңғы уақытта көшеде ешкім болмаған.

Артынан алабайдың иесі келіп, итті алып кеткен. Ол әйел Ботакөзге қарамаған. Қолын бір сілтеп, кетіп қалған. Жедел жәрдем де шақырмаған. Ботакөз жолдасына қоңырау шалған. Оны дереу Атбасар аудандық ауруханасына жеткізген. Жағдайы ауыр болды, қатты қансырап қалған. Ит сол қолын да тістеген. Бірақ оны сақтап қалды. Ал аяқты кесіп тастауға тура келді. Дәрігерлердің айтуынша, алабай әйелдің аяғын жұлмалап тастаған. Содан кесіп тастаудан басқа амал қалмады.

Алабайдың иелері Ботакөзге хабарласып кешірім де сұрамаған.

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры