Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Аяғы жоқ Әуезова Эверестке шықты

Мария Әуезова Эверест шыңына шығып, 5 мың метрден астам биіктіктегі базалық лагерьге жетті.

Аяғы жоқ Әуезова Эверестке шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Альпинист қыз аяғы жоқ болса да тауға шықты. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

«Бізге бұл мақсатқа жету мүмкін еместігін айтқандар болды. Бірақ біз мақсатымызды орындадық! Қиын жолды еңсере алдық! Ағзаға түскен ауырпалықты, суықты еңсеріп, бастаған ісімізді жеңіспен аяқтадық! Өзіміздің мүмкіндігімізді көрсетіп, үрей мен сенімсіздікті жеңдік! Ендігі мақсат – протезге тұрып, осы жолды қайта жүріп өту», – деп жазды елорда тұрғыны Мария Әуезова.

Белгілі болғандай, Қазақстан азаматтарынан құралған экспедиция 10 күнге жалғасқан, 5364 метр биіктіктегі базалық лагерьге жеткен.

Олар күніне орташа есеппен 300 метр еңсеріп отырған.

Экспедиция сапындағы тәжірибелі альпинист Вадим Цхе қолдау жасаған барша адамға өз алғысын айтты.

Осы орайда ол тәртіп пен қажырлы еңбек, арманды орындаудағы мақсат арқылы Мария жетістікке жеткенін атап өтті.

Эверестің 8 848 метр биіктіктегі шыңына Солтүстік және Оңтүстік бағыттарымен шығуға болады.

Солтүстік бағдар Тибет аумағында, ал оңтүстік бағдар Непал жақта орналасқан.

Атап айтқанда, Солтүстік базалық лагері 5150 метр, Оңтүстік базалық лагері 5 364 метр биіктікте тұр. Мария Әуезова осы оңтүстік бағыттағы лагерьге жетті.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық