USD
USD
USD

Аяғы ауыр Мөлдір Әуелбекова коронавирустан жазылып шықты

Жақында ғана коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскен Мөлдір Әуелбекова толық жазылып, ауруханадан шықты. Бұл туралы ол Инстаграм парақшасында жазды.

Аяғы ауыр Мөлдір Әуелбекова коронавирустан жазылып шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Аллаға шүкір, коронавирусты жеңіп, ауруханадан үйге келдік. Дәрігерлердің еңбегін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Аллам күш-қуат берсін!», – деп жазды әнші.

Аяғы ауыр келіншекке COVID-19 атауының өзі психологоиялық тұрғыдан ауыр тигенін жасырмады.

«Жақындарым мен Сіздердің қолдауларыңызбен еш мойымай, дер кезінде ем алып Алланың қалауымен сауығып шықтық. Бәрі жақсы, шүкір! Хәлімізді сұрап, уайымдап хабарласып жатқан жаны жайсаң шынайы жанашырларыма рақмет! Алла Сіздерге разы болсын тілеулестерім! Енді, бұйырса босанғанша ешқайда шықпай сабыр етіп, үйде отыруым керек. Қайта жұқтыру жылдамырақ әрі қауіптірек болады екен. Сақтанып жүріңіздер! Алла амандықта жүздесуді жазсын", - деп жазды әнші.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы