USD
USD
USD

Авторлық құқықты бұзғандарға қатаң жаза қолданылуы мүмкін

Енді тауар белгісін заңсыз пайдаланғандар мен авторлық құқықты бұзғандар үшін жаза қатаңдатылуы мүмкін, деп хабарлайды Хабар-24. 

Авторлық құқықты бұзғандарға қатаң жаза қолданылуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Себебі бұл салада да құқық бұзушылық деректері артып барады. Соған сәйкес енді зияткерлік меншік туралы заңға өзгерістер енгізілмек.

Бұл жайлы Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова мәлімдеді. Құжатта авторлардың және өзге де құқық иеленушілердің құқықтарын нақтылау бойынша түзетулер енгізілген. Сонымен бірге қызмет алушылардың өтінімдері бойынша тауар белгілерін жеделдетіп тіркеу мәселесі де қарастырылған.

Сондай-ақ тиісті салалар бойынша патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестациялау жоспарланып отыр. Аталған заң сәуір айында Парламент қарауына жіберіледі.

– Биылдың өзінде зияткерлік меншік бойынша 143 құқық бұзушылық анықталды. 145 әкімшілік іс қозғалып, сотқа жіберілді. Нәтижесінде 128 субъект жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 10 миллион теңгеден асады. Қазіргі таңда заңнаманы жетілдіру бойынша бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. Бүгінде Қазақстан дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы басқаратын 19 халықаралық шарттың қатысушысы. Күн тәртібінде Марракеш шартына, Гаага, Лиссабон келісімдеріне қосылу мәселесі тұр, деді ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселеков.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар