USD
USD
USD

Жеңілдетілген автонесиені қалай алуға болады?

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстанның автокөлік өнеркәсібін дамыту мәселесі бойынша брифинг өтті.

Жеңілдетілген автонесиені қалай алуға болады?
Фото: NEGE.kz

Жиынға ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков, Қазақстанның автобизнес ассоциациясының вице-президенті Анар Мақашева, «СемАз» ЖШС директорының орынбасары Қадыролла Жұмағұлов, сондай-ақ еліміздің автокөлік өндіруші орындарының өкілдері қатысты.

– Соңғы уақытта министрлікке автокөлік өндіру, көліктің құрамдас бөлшектерін шығаруға қатысты көптеген сұрақтар түсіп жатыр.

2021 жылы 93 мың автокөлік шығарылды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 20%-ға артық. Ал биылғы жылдың бірінші тоқсанында елімізде 22 239 техника өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,4%-ға көп. Ресми дилерлердің жаңа автомобильдерді сатудағы отандық өндірістің үлесі 2021 жылы 65%-ға жетті. Бұл ретте B және C ең танымал санаттарындағы отандық жеңіл автомобильдердің үлесі – 75%, – деді Олжас Сапарбеков.

Министрлік өкілінің айтуынша, Қазақстанда жасалған автокөліктер көрші елдерде де сұранысқа ие. «Қазақстандық автокөліктердің экспорттық көрсетшісі 49% өсіп, 12 103 бірлікке жетті. Негізгі нарықтар – Ресей, Өзбекстан, Беларусь», – деп толықтырды О.Сапарбеков.

Қазақстандық тұтынушылар бұған дейін автокөлік тапшылығын, көлік салондарындағы кезекті айтып шағымданған-ды. Министрлік өкілі тапшылық бізде ғана емес, бүкіл әлемде болып жатқанын, оған себеп микрочиптердің жетіспеушілігі екенін ескертті. Осыған қарамастан, отандық өндірушілер 2022 жылы шамамен 109 мың дана жеңіл автокөлік құрастыруды жоспарлап отыр.

Жеңілдетілген жолмен автонесиелеу мәселесі де қазір қоғамда қызу талқыланып жатыр.

2015 жылдан бастап елімізде жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы іске қосылды. 2021 жылдың мамыр айына дейін бұған 82 млрд теңге бөлінді. Биыл 31 наурызындағы жағдай бойынша аталған сомаға 30 мың автокөлік сатып алынды, қаражаттың револьверлік айналымы есебінен 162 млрд теңгеге несие берілген. Бұл сома өтініш берушілердің жаңа несиелеріне жұмсалады.

«Бағдарлама екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады: Халық банк, Еуразиялық банк, Bank Center Credit, Forte bank. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Үкіметі ағымдағы жылдың 15 сәуірінде қаулы қабылдады, онда «Жасыл даму» операторының қаражаты есебінен 100 млрд теңге мөлшерінде автонесиелеудің жаңа бағдарламасын және 30 млрд теңге мөлшерінде автобус паркін жаңартуға лизингтік қаржыландыруды көздейді. Бағдарламаға бұрынғы бағдарламаға қатысқандар да қатыса алады. Электронды кезек жасалады», – деді спикер.

Бағдарламаның негізгі шарттары: жеңіл автокөліктің 1 бірлігі үшін қаржыландыру сомасы 10 млн теңгеден аспауы тиіс; қаржыландыру соңғы бір несие алушыға екі жыл ішінде бір реттен артық берілмейді; қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды; бастапқы жарна 0%-дан басталады; автокөліктің құны – 15 млн теңгеден аспайды.

Бағдарламаны «Жасыл даму» АҚ жүзеге асырады, қажетті қаражатты аудару мәселесі жүргізіліп жатыр.

Отандық автоөнеркәсіпте жергілікті қамту жағы қалай? Локализация қай деңгейде?

Шенеуніктің айтуынша, жергілікті қамту үлесін есептеудің бекітілген әдістемесі бар, ол тек тауарлар есебінен ғана емес, сонымен қатар Қазақстанда қалған қосылған құннан да есептеледі: жұмыс орындары, жалақы, автомобиль жасау шығыстары. 

Локализация туралы О.Сапарбеков былай деді: «Локализацияға келетін болсақ, оған дамыған технологиялар мен басқа процестер, соның ішінде дәнекерлеу, бояу және құрастыру арқылы қол жеткізіледі. Шағын торапты құрастыру шамамен 1000 операциядан тұрады. Бүгінде біз құрамдас бөліктер өндірісін дамыту бойынша қосымша міндеттемелер бар жаңа кезеңге көшудеміз.

Мысалы, автоөнеркәсіп және ауыл шаруашылығы көлігін жасауда аккумуляторлар, алюминий дискілер, пластикалық бөлшектер, дестелегіштер, су және май сорғылары, мотор асты рамалары, майлар, отандық өндірістің фильтрлері техникаға орнатылған.

Бұдан басқа, 2021 жылғы наурызда «Агромашхолдинг KZ» АҚ базасында автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникаларын жасауға арналған компоненттерді өндіру бойынша Қостанай қаласында оқшаулау орталығы пайдалануға берілді. 2021 жылғы сәуірде Саран қаласында шина шығаратын зауыттың құрылысы басталды. 2024 жылы Қостанай облысында «КамАЗ» ЖАҚ-мен бірлесіп, қозғалтқыш бөлшектері мен көпірлерді шойыннан құю, сондай-ақ жүк автомобильдерін басты беру зауыттарын іске қосу жоспарланған».

Анар Мақашева Қазақстанның автокөлік нарығына қатысты былай деді: «2021 жылдың қорытындысы бойынша ресми дилерлер 117 мыңнан астам жаңа көлік сатты. Сату өсімі 26%-ға жетті. 2020 жылғы пандемияға, соның салдарынан туындаған логистикалық түрлі қиындықтарға қарамастан, өткен жылы сату бойынша өсім болды.

Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларындағы көрсеткішке көз салсақ, тағы өсім байқалады».

Көлік өндірушілер мен ресми импорттаушылар биыл жаңа көлік сату бойынша былтырғы көрсеткіштен де асып түсуді жоспарлап отыр. Өйткені өндірушілер логистика мәселесін біршама шешіп алған. Сондай-ақ отандық өндірушілер де осындай оптимистік болжамға арқа сүйеп, түрлі салада өсім күтіп отыр.

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич