USD
USD
USD

Автонесиелеу бағдарламасы 30 жылға жалғасады

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы іске қосылғалы  бір апта өтті. Бүгінге дейін банктерге 14 мыңнан аса өтініш түскен, оның 4 мың 800-ден астамы мақұлданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Автонесиелеу бағдарламасы 30 жылға жалғасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осылайша қазақстандықтарға 35,7 млрд теңге қарыз берілді. Қазірдің өзінде 34 көлік иесін тапқан. Жалпы несие алушылар 5 әйгілі брендтің  32 модельді темір тұлпарын тізгіндей алады. Тиімді несиелеу аясында отандық автосалондарда 8 мың көлік бар. Маусымда оның саны екі есе артады. Жалпы жаңа автонесиелеу бағдарламасы 30 жыл бойы жүзеге асады.

– Әлеуметтік тұрғыда, экономикалық тұрғыда да ыңғайлы нәрсе болса, бәрі соны алғысы келеді. Сондықтан көпшілік ойлайды: 100 млрд бөлінді, он млн-нан санасақ, он-ақ мың адам алады машинаны, болды қалғандары қалды дейді ғой. Бұл арада револьверлік қағидат бар. Бұл ақша 30 жыл айналатын болады, - деді «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры Ғалымжан Әди.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев