USD
USD
USD

Автонесиеде ешбір санатқа басымдық берілмейді

4 проценттік жеңілдетілген автонесиеде ешбір санатқа басымдық берілмейді.

Автонесиеде ешбір санатқа басымдық берілмейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акицонерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Ринат Гаппаров осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бірінші кезекте автосалонда бар көлік бойынша өтінім берген адамдар пайыздық автонесие рәсімдей алады. Яғни, бірінші кезекте деп басымдық берілетін белгілі бір санат болмайды. Бәрі кезек негізінде реттеледі», - деді қордың өкілі.

Сондай-ақ ол 4 проценттік автонесие рәсімдеудің қысқаша жолын түсіндірді.

«Әуелі адам автомобильді таңдап алуы керек. Егер ол таңдаған көлік түрі автосалонда жоқ болса, күту керек болады. Автомобиль келген кезде тұтынушы автосалонға шақыртылады. Сол жерден өзі таңдаған көлікке төлем шотын алады. Ол шотта көліктің VIN-коды болуы керек. Осы төлем шотын қолына алып, банктен пайыздық несие рәсімдейді. Банк өтінім мен төлем шотын тек VIN-код арқылы ғана алады. Бұрынғы жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша төлем шотында VIN-кодтың болуы талап етілмейтін. Сонда жаңа бағдарлама бойынша несие салонда бар көліктерге ғана рәсімделеді деген сөз. Осыдан кейін несие туралы өтінімді мақұлдау процедурасы жүреді. Егер несие мақұлданса, кепілхат беріледі. Тұтынушы кепілхатты алып, автосалонға келеді. Осыдан кейін ғана көлікті оның атына рәсімдеу басталады», - деді Ринат Гаппаров.

Қазір оқып жатыр

Пәкістанда перзентханада өрт шығып, 15 сәби көз жұмды

Пәкістандағы өрт

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек»

статистика

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салынуы мүмкін

Смартфон

«Келешек мектептері» жаңа білім беру тәжірибелерін сынақтан өткізетін орталық болуға тиіс – Президент

Келешек мектеп