USD
USD
USD

Автомобиль өткізу пункттері жыл соңына дейін 100% жаңғыртылады

Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту барысы қаралды.

Автомобиль өткізу пункттері
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Қаржы министрі Мәди Тәкиев баяндағандай, инфрақұрылымды жаңарту тұрақты логистика мен кедергісіз сыртқы сауда ағынын қамтамасыз етудің негізгі элементі болып саналады.

Бүгінгі таңда, Қапланбек, Атамекен, Көлжат және Алакөл сияқты төрт пункт пайдалануға берілді.

Жылдың соңына дейін қалған 5 пункт «Қазығұрт», «Тәжен», «Темір баба», «Майқапшағай» және «Бақты» кезең-кезеңімен іске қосылатын болады. Осылайша, жаңғырту еліміздің сыртқы шекарасындағы тиісті пунктерді 100% қамтиды. Бүгінгі таңда, өткізу қабілеті орта есеппен 25%, оның ішінде Қытаймен шекарада – 37%-ға ұлғайды. Пунктердегі өту уақыты 9 сағаттан 3 сағатқа дейін қысқарды»,

— деп атап өтті Қаржы министрі.

Ол CargoRuqsat электронды кезек іске қосылып, 55 мың жүргізуші мен 145 мың көлік құралы тіркелгенін атап өтті.

Жаңғырту аяқталғаннан кейін, барлық өткізу пункттері бизнес пен азаматтардың жылдам, қауіпсіз және ашық өтуін қамтамасыз ететін, сыртқы шекараны басқарудың бірыңғай цифрлық жүйесіне қосылатын болады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі