USD
USD
USD

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

6 мамыр күнгі Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар жол қауіпсіздігін цифрландыру және жүргізушілерді даярлау саласындағы кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Автомектеп
Фото: radk.ru

Астана, NEGE. Мәжілісте заң жобасын депутат Екатерина Смышляева таныстырды. Ол қоғамда қауіпсіздікке деген тұрақты сұраныс бар екенін атап өтті. Заң жобасы жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

«Заң жобасында Жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін техникалық құралдарды пайдалану тәртібі нақтыланады. Автомектептердің қызметіне мемлекеттік бақылауды күшейту ұсынылады. Атап айтқанда, автомектептердің қызметіне рұқсат беру тәртібі енгізіледі. Ол үшін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" заңға өзгерістер енгізіледі», – дейді Смышляева.

Жүргізушілерді даярлауға рұқсат алу үшін автомектептерде қажетті материалдық-техникалық база, оқу алаңдары, оқу көліктері және білікті оқытушылар болуы тиіс.

Сондай-ақ рұқсат алған оқу орындарының мемлекеттік тізілімін құру ұсынылып отыр. Депутаттың айтуынша, бұл тізілім оқу орындарының қызметін бақылауға мүмкіндік береді, тізілімді Ішкі істер министрлігі жүргізеді.

Бұған қоса заң жобасында жеке деректерді қорғау және кейбір қауіпсіздік мәселелеріне қатысты жеке нормалар көзделген. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Заң

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Әуежай

Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді

такси

Нұрлыбек Нәлібаев Роман Склярдың орнына премьер-министрдің бірінші орынбасары болды

Нәлібаев