USD
USD
USD

Автокредит бағдарламасына бюджеттен қосымша қаржы бөліне ме – министр жауап берді

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жеңілдетілген автокредит бағдарламасына бюджеттен қосымша ақша бөлу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Автокредит бағдарламасына бюджеттен қосымша қаржы бөліне ме – министр жауап берді
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Бұған дейін индустрия және инфрақұрылымды даму вице-министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген автокредит бағдарламасына тағы бюджеттік қаржы бөлу мәселесі қаралып жатқанын айтқан.

"Біз қазір мына 100 миллиардтан басқа республикалық бюджеттен қосымша ақша бөлеміз бе деп отырмыз. Біздің қаржылық-экономикалық негіздемеміз бойынша 150 миллиард болып тұр. Оны жыл сайын 30 миллиардтан бөлеміз деген ой бар. Бірақ ол ақшаны бере ме, бермей ме, әзірге белгісіз", - деді Қарабаев сұхбатында.

Ал қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ондай өтінім әлі түспегенін жеткізді.

"Қазір республикалық бюджеттен осы бағдарламаға бір тиын да жұмсалып жатқан жоқ. Барлығы - бұрынғы Оператор РОП-та жиналған ақша. Соны бұрып жатырмыз. Ал республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлу туралы өтінім түскен жоқ", - деді Жамаубаев.

Айта кетері, осы аптаның басында Қазақстанда жаңа автокредит бағдарламасы іске қосылды. Бірақ бұрынғы бағдарлама бойынша жеңілдетілген кредиттер де беріледі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанның жүргізуші куәлігін Қытайда емтихан тапсырмай пайдалануға рұқсат берілмек

Жүргізуші куәлігі

Енді Олимпиадаға «артық» адамдар жіберілмейді: Қазақстанда спорт делегацияларының саны шектелмек

Норматив

Алматы облысында көліктерді заңсыз тіркеген полиция және «ЦОН» қызметкерлері сотталды

көлікті заңсыз тіркеу

Қызға талап көп, ұлға неге аз: Қазақстанда әкелер институты әлсіреді ме?

отбасы, ата-ана, әке