USD
USD
USD

Автокөлік тарихын қалай тексеруге болады?

“Автокөлік тарихы” сервисі іске қосылған сәттен бастап қазақстандықтар екі миллионнан астам көлік құралын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Автокөлік тарихын қалай тексеруге болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ІІМ пайдаланылған көлікті сатып алмас бұрын оны тексеру керектігін ескертеді. Бұған немқұрайлы қарауға болмайды, өйткені ол көптеген проблемалардан сақтайды, сондай-ақ автокөліктің болашақ иесіне қосымша ақпарат береді.

Қазақстанда автокөлік тарихын онлайн-режимде көруге болады.

Ішкі істер министрлігі іске қосқан “автокөлік тарихы” қызметі азаматтарға автокөлік сатып алғанда оның тарихы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді:

– автокөліктің Қазақстанда алғашқы тіркелу күнін;

– бұрынғы иелерінің санын;

– кепілдіктер мен ауыртпалықтардың бар-жоғын, сонымен қатар басқа да мәліметтерді көре алады.

Қазіргі уақытта қызмет Smart Bridge-де орналасқан. Сервис “102” және “Halyk Bank”, “Bereke Bank”, “CenterCredit”, “ForteBank” мобильді қосымшаларында, сондай-ақ Aster.kz сайтында қолжетімді. ІІМ “автокөлік тарихына” “бірыңғай сақтандыру деректер базасын” қосуды жоспарлап отыр. Бұл көліктің жол апатына ұшыраған-ұшырамағанын қосымша тексеруге мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Әр адамға кемінде 15 шаршы метр: Алматыда тіркеу бойынша жаңа шектеу енгізілді

тұрғын үйге тіркеу

25 қыркүйекте Қазақстан-Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пункттері уақытша жабылады

Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункті

Тоқаев ОСК, Жоғары аудиторлық палата және Конституциялық сот төрағаларын қайта тағайындады

Әбдіров, Смайылов, Әзімова

Үндістанда қамауға алынған танкерде қазақстандық теңізші де бар болып шықты

Танкер