USD
USD
USD

Автобус жүргізушілері шу шығарды

Семейде автобус жүргізушілері жалақы төленбегендіктен жұмысқа шығудан бас тартты.

Автобус жүргізушілері шу шығарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгін сағат 6.30-да SEMEY BUS ЖШС-ға тиесілі 104 рейстің көлігі шығу керек еді. Алайда автобус паркінің жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартқаны белгілі болды», – деді Семей жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серікқали Жұманов.

Оның айтуынша, жүргізушілер шілде айының жалақысын толық төлеуді талап еткен. Карантин шараларына байланысты олардың айлығы жұмыс сағаттарын қысқарту түрінде төмендетілген. Олар бұған келіспей, толық төлеуді талап еткен.

Кондуктордың көбі электрон төлем жүйесі енгізілгеннен кейін қысқартылған. Бірақ кейде жүргізушілер кондуктордың жұмысын атқарады. Олар сол үшін қосымша ақы талап етті.

Қазір оқып жатыр

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушыға іздеу жарияланды

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай

БҚО-да 28 млн текше метр су жинайтын жаңа су қоймасы салынады

су қоймасы