Автобус апаты салдарынан екі аяғынан айырылған бүлдіршін көмекке зәру

Анасы аяқ астынан екі аяғынан айырылған баласын күту үшін жұмысынан шығып кеткен. Отбасының басына түскен тағдыр тауқіметі жайлы парақшасында журналист Гүлбану Аниятқызы жазды.
Алматы, NEGE. Кішкентай қыз келесі айда 8-ге толады.
Бүгін анасымен сөйлестім. “Алуа түнімен ұйықтамайды, шошып ояна береді. Автобус апаты болғанын енді есіне түсірді” дейді. “Әкімдік пен автопарк өкілдері психолог әкеліп, Алуаға коляска беріп көмектесіп жатыр. Сақтандырумен қашан, қанша өтемақы берілетінінен хабарым жоқ” деп отыр. Төрт бала Астанада, әжесінің қолында. Анасы жұмыстан шығып кеткен, Алуаның қасында. (Кешегі жазбамда зардап шеккен отбасы жайлы толық ақпарат бар). Қиналып отырған отбасыға көмек әлі де керек, – дейді Гүлбану Әниятқызы.
Көмек қолын созғысы келетіндер анасының Каспий банк нөміріне (7 702 029 38 18 – Махабат Т) көмек жолдай алады. Карта: 4400 4303 0919 8254
Айта кетейік, осыдан біраз күн бұрын Астанадағы Республика даңғылында автобус ақпараттық тақта тіреуіне соғылып, апат үлкен резонанс туғызды. 15 жолаушы зардап шегіп, үшеуі ауыр хәлде ауруханаға түсті. Ең қатты зардап шеккен 8 жастағы қыз екі аяғынан айырылған. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, автобус жүргізушісі қамауға алынды. Дейтұрғанмен бұл апатқа қатысты маңызды бір жайт – әкімдіктің жанама жауапкершілігі болуы мүмкін деген мәселе көптің назарынан тыс қалып барады.