USD
USD
USD

Австриялық өнертапқыштар ақылды аяқ киім шығарды

Инновациялық құрылғы зағип жандарға арналған.

Австриялық өнертапқыштар ақылды аяқ киім шығарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 3 метр алда тұрған кедергіні сезіп, аяқ киім иесіне ультрадыбыс арқылы ескерту жібереді. Вибрация аяқ киімнің ішінде немесе смартфонда жасалады. Бұл қолға ұстаған таяққа қарағанда ұтымдырақ. Негізі құрылғы 2 бөліктен тұрады. Бірі тұтас аяқ киім түрінде. Екіншісі тұмсығына ғана кигізетін қыстырғыш ретінде. Бағасы – 3 мың 800 еуро.

Кәсіпкер Маркус Раффер: "Тумысымнан көзім нашар көреді. Ұзақ уақыт бойы түрлі құралдарды қолданып көрдім. Бірақ ешбірі көңілден шықпады. Содан аяқ киім ішіндегі ескерту жүйесі туралы іздене бастадым. Өзіме бірден ұнады. Негізі неше түрлі идеялар жетіп артылады ғой. Бірақ өміршең болатыны мүлде аз", – деді. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер