USD
USD
USD

Австрияда мигранттар мінген автобус полициядан қашып бара жатып, апатқа ұшырады

Австрия мен Словакия шекарасында мигранттарды алып бара жатқан шағын автобус апатқа ұшырады. Соның салдарынан 3 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Австрияда мигранттар мінген автобус полициядан қашып бара жатып, апатқа ұшырады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бақылау бекетінде тексеру үшін полиция көлікті тоқтатпақ болды. Алайда жүргізуші тәртіп сақшыларының талабына бағынбай, жылдамдықты арттырып, полициядан қашпақ болды. Автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдан шығып кетіп, жол жиегіндегі арыққа барып құлады»,-деді Бургенланд провинциясының полицейі Гельмут Марбан.

«Біз келгенде автобуста 20 мигрант болды. Олардың үшеуіне көмектесу қажет болмай қалды. Өйткені олар апат салдарынан мерт болды. Біреуі әйел, екеуі ер адам. Жеті адам ауыр жарақат алған, олар жақын арадағы ауруханаларға жеткізілді. Кейбіреуін тікұшақпен жеткізу қажет болды»,-деп толықтырды тәртіп сақшысы.

Шағын автобус мигранттарды адам саудасымен айналысатындар көп жүретін бағыттардың бірімен заңсыз тасымалдамақ болған. Жолаушылардың ішінде балалар да бар. Автобус жүргізушісі қамауға алынды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші Ресей азаматы. Полиция автобустағы мигранттардың туған жері мен аты-жөндерін анықтап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысындағы ауылдарда сел жүріп, тұрғын үйлер мен қора-жайларды су басты

Сел

Ресейден 2,1 млн вакцина жеткізілмек: Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды

Дәрігер

Лауазымды адамдар «Семей орманында» ағашты заңсыз кесу схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Ағаш тиеген жүк көлігі

Александр Лукашенко қазақтар мен белорустарды «қан байланыстырған жақын халықтар» деп атады

Олжас Бектенов, Александр Лукашенко