USD
USD
USD

Авиация комитеті Мәскеуден Астанаға ұшуға неге рұқсат етілмегенін түсіндірді

Азаматтық авиация комитеті "Азимут" әуекомпаниясының Ресейден Қазақстанға ұшуына рұқсат бермеудің себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz.

Авиация комитеті Мәскеуден Астанаға ұшуға неге рұқсат етілмегенін түсіндірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұған дейін "Азимут" әуекомпаниясы жолаушыларына Мәскеуден Астанаға рейстің тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберген болатын. Бұл ретте тасымалдаушы "Қазақстан Республикасының рейсті орындауға рұқсат бермеуін" себеп деп атады.

Азаматтық авиация комитеті рұқсат бермеудің себебін түсіндірді. Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Азимут" әуекомпаниясы тұрақты рейстер кестесін бекіту үшін құжаттар тізбесін ұсынбаған.

"Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы №363 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарындағы шетелдік әуе тасымалдаушылардың тұрақты рейстер кестесін бекіту жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес шетелдік әуетасымалдаушы Азаматтық авиация комитетіне ұшу басталғанға дейін күнтізбелік 45 күн бұрын тұрақты рейстер кестесін бекіту үшін құжаттар тізбесін ұсынады.

Бұл ретте авиамаршруттың кестесіне өзгерістер енгізу кезінде әуекомпания комитетке ұшудан 3 күн бұрын кесте ұсынады", - делінген хабарламада.

Бұл ретте талапты орындамағаны үшін жауапкершілік әуекомпанияға жүктеледі. Осыған байланысты рейстер кестесі бекітілмеген. Сонымен қатар, комитет құжаттардың толық пакетін алған кезде тиісті рұқсатты қарауға және беруге дайын.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.