USD
USD
USD

Авиарейстердің қолжетімділігін жақсарту үшін әуе бағыттарын субсидиялау қолға алынды

Биыл 7 облыста әуе маршруттарын субсидиялау үшін республикалық бюджеттен 7,2 млрд теңге бөлінді. Бұл амал авиарейстердің қолжетімділігін арттырып, ішкі туризмді дамыту үшін қолға алынып отыр.

Авиарейстердің қолжетімділігін жақсарту үшін әуе бағыттарын субсидиялау қолға алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткізілген Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтып, ішкі туристік бағыттарға басымдық берілгені белгілі болды.

Қазір ішкі әуе рейстерін 5 қазақстандық тасымалдаушы жүзеге асырып келе жатқанын айта кетейік. Мәселен, аптасына 56 әуе бағыты бойынша 706 рейс орындалып келеді.

Халықаралық жолаушылар тасымалына келсек, 2017 жылдан бастап open sky режімі енгізіліп, соған сәйкес жаңа халықаралық маршруттар ашылып жатқанын атап өткен жөн. Қазір аталған бағыт бойынша 27 елге 103 авиарейс іске асырылып жатыр.

Сондай-ақ транзиттік рейстерге қызмет көрсетуді ұлғайту мен ИКАО стандарттарына сәйкес ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыру және қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін қазақстандық әуежайларда қажетті инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жұмыстар жоспарлы түрде атқарылып келеді.

Егемендік жылдарынан бастап қазірге дейін барлығы 22 әуежайда ұшып-қону жолағы жаңғыртылып, салынды. Бұған қоса 16 әуе айлағында жолаушылар терминалы жөнделіп, халық игілігіне берілді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан Азия Даму Банкінен 240 млн доллар қарыз алады

Құрылтай отырысы

Боранбаевтың бұрынғы фитнес орталығы 2,3 млрд теңгеге сатылды

кәсіпкер

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: депутат әйелдердің қауіпсіздігіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов

«20 жылдан бері террористпін»: Атырауда никаб киген екі әйелдің үстінен іс қозғалды

Видеодан үзінді/Ақ Жайық