USD
USD
USD

Авиаотын бағасын негізсіз көтерген: Тараз әуежайына айыппұл салынды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарлауынша, Тараздағы «Әулие-Ата» халықаралық әуежайын тексеру кезінде авиаотынды монополиялық жоғары бағамен сатқаны анықталған.

әуежай
Фото: dmb.aero/kz

Астана, NEGE. Әуежай тергеп-тексеру нәтижелерімен келіспей, оны бірінші және екінші сатыдағы соттар арқылы даулаған. Дегенмен облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы тергеп-тексеру нәтижелері заңды әрі негізді деп таныған. Ақыр соңында әуежай өкілдері сотта өз кінәсін мойындаған.

«Кәсіпорын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 159-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 3,2 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды және монополиялық қызметті іске асыру нәтижесінде алынған 25,2 млн теңге мөлшеріндегі монополиялық кірісі тәркіленді», – делінген ресми хабарламада.

Бұған қоса, монополияға қарсы орган компанияға бәсекелестікті қорғау саласындағы заңбұзушылықтарды тоқтату жөнінде нұсқама берді. Нұсқама бойынша әуежай өкілдері отын бағасын бұрынғыдан арзандатуы тиіс.

Қазір оқып жатыр

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев

Алматыда автобустар саны азайды: тұрғындар әкімдікке шағымдануда

Қоғамдық көлік