Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Австрияда қайта қатаң карантин енгізілмек

Австрияда коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты 17 қараша мен 6 желтоқсан аралығында карантин ережесі енгізіледі.

Австрияда қайта қатаң карантин енгізілмек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚазАқпарат dw.com-ға сілтеме жасап хабарлайды. Австрия үкіметі коронавирусқа шалдыққандар саны артқандықтан, пандемия басталғалы екінші рет ерекше қатаң карантин тәртібін (локдаун) енгізіп жатыр. Бұл туралы сенбі, 14 қарашада Венадағы баспасөз конференциясында канцлер Себастьян Курц хабарлады. 17 қараша, сейсенбіден бастап 6 желтоқсанға дейін елде мектептер, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері жабық болады. Тек аса қажеттілік болған жағдайда үйден шығуға рұқсат етіледі. Оған жұмысқа бару, туыстарына көмек көрсету немесе таза ауада демалу жатады. Дегенмен, ережелерді парламент әр он күн сайын қайта қарап отырады. Дәріхана, банк, адамдарға күнделікті қажет тауарларды сататын дүкендер, супермаркеттер жұмысын жалғастырады. Балабақшалар жабылып, мектептер қашықтан оқуға көшеді. Кей жағдайларда ғана ата-аналар баласын бұл мекемелерге әкеле алады.

«Ешкім қайта локдаунды енгізуді қаламайтынын білеміз, бірақ бұл пандемиямен күресте тиімділігі жоғары жалғыз тәсіл», - деп атап өтті Курц. Австриядағы мейрамханалар, туристік бизнеспен айналысатын компаниялар, сондай-ақ мәдени және сауықтық мекемелер 3 қарашадан бастап жабылған болатын. Оған қоса елде 20.00-6.00 аралағында комменданттық сағат енгізілді. Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, пандемия басталғалы Австрияда 191 228 адам коронавирус жұқтырды. 1661 науқас көз жұмды. Қарашадан бастап елде жаңа жұқтыру оқиғалары көбейіп, сарапшылар денсаулық сақтау жүйесі, оның ішінде қарқынды терапия саласына ауырлық түсетінінен қауіптене бастады. Австрияда алғашқы локдаун наурыздың ортасында енгізіліп, 2020 жылдың 12 сәуірінен бастап жеңілдетіле бастаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 637 млрд теңгеден асты

Инвестиция

Temu Венгрияда сатып алушыларға психологиялық қысым көрсеткені үшін айыпталды

Temu

Қазақ тарихы қайта жазылды. Енді оқулықтар өзгере ме?

Сәбитов, Әуеспекова

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс