USD
USD
USD

Аустралия 10 мың жануарды қолдан қырмақшы

Аустралияның анангу тайпасының ақсақалдары мен Оңтүстік Аустралия штатының билігі аймақтың батысында 10 мың жабайы түйені ату туралы шешім қабылдады. 

Аустралия 10 мың жануарды қолдан қырмақшы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өңірдің солтүстік-батысындағы кең байтақ жерлерге ие анангудың байырғы тайпасының басшылары рейнджерлердің өте көп тараған жабайы түйелерді жаппай ату туралы ұсынысына келісті.

«Біздің қауым төзбейтін жағдайға тап болды, өзімізді өте нашар сезінеміз. Түйелер қоршауларды сындырып, үйлерге кіріп, су іздейді», – деді анангу, питджантьятьяра мен янкунитьятьяра (APY) тайпалары кеңесінің мүшесі Марита Бейкер The Australian басылымына берген сұхбатында.

Сарапшылардың айтуынша, бүгінгі таңда Аустралияда жабайы түйелердің популяциясы 1,2 миллионнан асады.

Бұл апаттық салдарға алып келді, өйткені түйелер құрғақшылық пен ыстықтың әсерінен жайылымдарды азайтып қана қоймайды, сонымен қатар көбінесе олар аштық пен шөлден өледі, салдарынан түрлі аурулар таралуда», – деді департаментте.

Бес күннің ішінде рейнджерлер популяцияны кем дегенде 10 мың басқа қысқартады деп күтілуде.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт