USD
USD
USD

Аюсайдағы визит-орталықтың ерекшелігі неде?

«Іле-Алатау» ұлттық паркінде туризм саласы қарқынды дамып келеді. Туристерге қызмет көрсету үшін арнайы визит-орталық ашылды. Мамандардың айтуына қарағанда Аюсайдағы визит-орталықтың ерекшелігі көп. 

Аюсайдағы визит-орталықтың ерекшелігі неде?
Фото: NEGE.kz

Визит орталықтың жұмысын ұйымдастырып жатқан «Turanga Group» компаниясы команда мен маман таңдауда қателеспеген іспетті. Әр қызметкер білікті әрі өз ісіне берілген. Сондай-ақ, тау экологиясына бей-жай қарамайды. 

Мәселен, мұндағы техникалық қадағалауға жауапты Игорь Азаренко Іле-Алатау ұлттық паркінде туған. Сол үшін де «Мен осы топырақтың төл баласымын» дейді. Әкесі өз ғұмырын Ұлттық парк жұмысының жандануы әрі экологиялық туризмнің дамуы үшін сарп еткен. Талай жыл болы орманшы қызметін атқарған. Осыдан болса керек Игорь таудағы экологияның бұзылмауы үшін барын салуда. Аюсайда ашылған визит-орталықтың ерекшеліктері жайлы Игорь Азаренко арнайы сұхбат берді. 

«Маған бұл орталықтың ұнайтын себебі арнайы эко-бұрандалар қолданылды. Ол өз кезегінде экологияға кері әсер етпейді. Визит-орталықтың тағы бір ерекшелігі оның әр деталі химиялық қоспасыз. Таза әрі табиғи. Мұнда келген туристер визит-орталықты көріп-ақ табиғатты қалай аялау керегін түсінеді. Сондықтан барлығыңызды Іле-Алатау баурайындағы визит-орталыққа шақырамын», – деді И. Азаренко. 

Ғалымдардың айтуынша, визит-орталық өркениетті экотуризмнің нышаны. Келушілерге табиғат аясында өзін ұстау мәдениетін қалыптастыру ісінде визит орталықтар, ондағы ақпараттар, гидтер мен карталар үлкен рөл ойнайды. «Аюсай» шатқалындағы визит орталық осындай нысандардың алғашқысы. Экотуризмді дамыту жоспарында елдегі ұлттық парктерде осындай орталықтар ашу көзделген.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский